Алматыда 25 шілдеден бастап үш маңызды автобустың бағыты өзгереді

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 19:24 Фото: Zakon.kz
2026 жылы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешімді қалалық Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.

25 шілдеден бастап маршруттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:

№218 маршрут

  • Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саин көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу – Абай даңғылы – "Б. Момышұлы метро бекеті" соңғы аялдамасы.
  • Кері бағытта: "Б. Момышұлы метро бекеті" – Абай даңғылы – Саин көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№238 маршрут

  • Оңтүстік бағытта: Саин көшесі – Төле би көшесі – "Автостанция" соңғы аялдамасы.
  • Кері бағытта: "Автостанция" – Төле би көшесі – Саин көшесінен кейін кері бұрылу – Төле би көшесі – Саин көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№61 маршрут

  • Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – "Арман" автостанциясы соңғы аялдамасы.
  • Кері бағытта: "Арман" автостанциясы – Жароков көшесінің жолайырығы – әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: