Алматыда 17 қаңтардан бастап жолаушылар автобусының бірі жүріс бағытын өзгертеді
Сурет: Zakon.kz
Алматыда алдағы сенбіден бастап №50 автобустың жүріс бағыты өзгереді. Оған - жол жөндеу жұмыстарының аяқталуы себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда "Алматы қаласының Көлік холдингі" ЖШС-ның Telegram арнасында пайда болды:
"Әбділдин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты, 17 қаңтардан бастап №50 бағыттың қозғалыс сызбасы өзгереді".
№50 бағыт
- батыс бағытта: Абай даңғылы — Әшімов — Кеңесбаев — Әбділдин — Дәулеткерей көшелері, әрі қарай сызба бойынша.
- кері бағытта: өзгеріссіз.
Айта кетсек, 2026 жылы 8 қаңтарда Алматыда базардың жабылуы мен көлік торабының құрылысына байланысты сегіз автобус бағытын өзгертуге мәжбүр болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript