Алматыда №60 жолаушылар автобусының жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді

Автобус, Алматы, №60, жүріс бағыты, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 21:58 Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін, 11 шілдеден бастап №60 жолаушылар автобусының жүріс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Көлік холдингі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл өзгеріс Медеу ауданында Орманов көшесінен Базарбаев көшесіне дейін, сондай-ақ Базарбаев көшесінен Құмай көшесіне дейін, су құбырын қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілді.

№60 автобустың жүріс кестесі:

  • Шығыс бағытта: Қалдаяқов – Төле би  – ШААЖ, ары қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: ШААЖ – Төле би – Қалдаяқов, әрі қарай сызба бойынша.

Сондай-ақ бұл жүріс бағытының жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін өз күшін сақтайтыны да нақтыланады.

Бұған дейін Астанада LRT құрылысына байланысты жолдарда тағы бір шектеу енгізілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: