Астанада Бірлік күніне орай ерекше акция өтті

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы ауданына қарасты "Жастар" саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бауырсақ біріктіреді" акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шара "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүзеге асты. Мерекеге орай волонтёрлер тұрғындарға 15 килограмм бауырсақ таратты.

Акцияның мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностар арасындағы достық пен бірлікті еске салу.

"Адамдар тоқтап, күлімдеп, алғысын айтып жатты. Бірі балаларымен келді, енді бірі балалық шағы мен туған үйін еске алды. Біз жай ғана бауырсақ таратқан жоқпыз — жылылық пен өзара құрметке толы атмосфера орнаттық", — деді волонтёр Дана Такенова.

Айта кетейік, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы атаулы мерекеге орай елордада түрлі мәдени және спорттық шаралар — зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап, концерттер мен жүгіру марафондарына дейін өткізіліп жатыр

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды