Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған "Шоқаны бар елдің шоқтығы биік" атты көрме ашылды.

Онда ғалым-энциклопедистің өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы материалдар қойылған.

Атап айтсақ, қолжазбалар мен еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне сайланғаны туралы дипломның көшірмесі, жеке заттары — бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген бірегей қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік және басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрмеге ұсынылған экспонаттар Орталық мемлекеттік музей мен "Алтынемел" мемориалдық музейінің қорынан алынған.


Көрмеде ерекше орын алған сирек жәдігерлердің қатарында Шоқан туыстарының бұйымдары да бар. Оның ішінде қарындасы Тәжібай киген аққу қауырсынынан тігілген сирек шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті мнн белгілі кеңес суретшісі Н. Я. Третьяков салған Шоқан Уәлихановтың портреті бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Көрме аясында "Шоқанның ғылыми мұрасы" атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми мұрасының маңызы мен рөлін талқылады.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы