2 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы қайтадан көтерілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 2 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,68 теңгеге көтеріліп, 516,16 теңге болды.

Ресей мен Қытайда мереке күні болғандықтан ресей рублі мен қытай юанімен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 517,1-519,5 теңге, еуро 585-589 теңге, рубль 6,09-6,21 теңге аралығында сатылуда.

2 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,34 долларға қымбаттап, 62,47 долларды құрады.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,34 долларға өсіп, 59,58 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 512,34 теңге, еуроны 582,07 теңге, рубльді 6,31 теңге деп белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты