Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

Фото: akorda.kz
Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

3 мамыр

Бұл күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов-Қошқарбаев-Ақжол-А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне қайтады.

4 мамырда

қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00-ден 14:00-ге дейін – 3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30-дан 14:00-ге дейін – көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі. Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.

Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

Бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.

"Жолаушылардан жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және Instagram-дағы "City Transportation Systems" ресми парақшасы – @cts_kz арқылы өзекті ақпаратты қадағалауды сұраймыз." Елорда әкімдігінің ресми сайты
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі