Түркістанда автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге бейтаныс ер адам кенеттен шабуыл жасаған

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кезекшілікке түскен полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары арқылы зерделеу жүргізіп, тұрғындар арасындағы дау-жанжалды байқап қалған. Бейтаныс ер адам әйелдің мойнындағы әшекей бұйымын үзіп алып, сөмкесін тартқылап жатқанын көрген. Содан бірден әрекет етіп, оқиға орнына жақын маңда жүрген полицейлерге хабар берді. Осылайша, жедел әрекет нәтижесінде ішімдік ішіп, тапа-тал түсте өзгені тонаған ер адам ұсталды.

Анықталғандай, облыс орталығындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік күтіп тұрған 64 жастағы әйелге бейтаныс ер адам кенеттен шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің қолындағы сөмкесін тартқылап, онымен қоймай әйелдің мойнындағы алқасын күшпен жұлып алып, оқиға орнынан "ізін суытпақ" болған. Десе де, камера арқылы қала тыныштығын күзетіп отырған полицей, қылмыстың алдын алып, күдікті қолға түсті.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды