Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Сурет: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Мамандандырылған ІТ лицейінің оқушысы Рамазан Бутантаев тамаша нәтиже көрсетіп, APLO-2025 Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдердің 500-ге жуық оқушы қатысты.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды.

Ал байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Айта кету керек, лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Аружан Жұмабаева мен Мерей Тоқтарбек Каспий теңізін төгілген мұнайдан тазартуға көмектесетін жоба әзірледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз