Қостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына, жеке көлігіне және оған тиесілі саяжай учаскесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде бір келіден астам мефедрон тәркіленді.

Жалпы саны екі мыңға жуық бір реттік доза құрайтын бұл заттарды күдікті кейін сату мақсатында сақтағаны анықталды.

Сараптама тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екенін және оның жалпы салмағы бір килограмнан асатынын растады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері есірткінің осындай ірі көлемде жеткізілу арнасын анықтауға бағытталған жедел іс-шараларды жалғастыруда.

Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 76,3 килограмм есірткі тәркіленсе, оның 2,2 килограмын синтетикалық заттар құрап отыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Атап айтқанда есірткіні сақтау, өндіру немесе өткізу деректері үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты