Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, парламенттер спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Құттықтау хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

Бүгін, 17 мамыр - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 72 жасқа толды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты