Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары басталғаны ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздік даңғылының күйші Дина көшесінен Бейімбет Майлин көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты аталған жол учаскесі 19-20 мамыр аралығында жабылады", делінген басқарма хабарламасында.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сонымен қатар 21 мен 22 мамыр аралығында Майлин көшесінен Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол ішінара жабылатын болады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Бұған дейін "City Transportation Systems" ЖШС бүгін, 2025 жылғы 16 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарын құлаққағыс етіп, елордада жүргізіліп жатқан жеңіл рельсті (LRT) желі құрылысына байланысты жолдарда шектеулер енгізілетінін ескерткен болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды