Елорда тұрғындарына LRT құрлысына байланысты кейбір көшелердің толықтай жабылатыны ескертілді

"City Transportation Systems" ЖШС бүгін, 2025 жылғы 16 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарын құлаққағыс етіп, елордада жүргізіліп жатқан жеңіл рельсті (LRT) желі құрылысына байланысты жолдарда шектеулер енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания айналма жолдың Қабанбай батыр даңғылымен қиылысындағы жүріс бөлігінің үстіндегі LRT желісінің негізін бетондау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін, Р-10 айналма жолындағы көлік қозғалысын екі бағытта толықтай шектеу жоспарланып отырғанын нақтылады. Көліктер Әуежай және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ айналма жолдармен жүргізіледі:
- 17 мамырда сағат 04:00-ден 18 мамырда сағат 08:00-ге дейін жолдың үстіндегі LRT желісі негізінің алаңын бетондау бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі;
- 24 мамырда сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жолдың үстіндегі LRT желісінің парапеттерінің қалыптарын орнату және бетон құю жұмыстары орындалады;
- 25 мамырда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін парапет қалыптарын демонтаждау жұмыстары орындалады.
Сонымен қатар, LRT желісінің тіректері мен эстакада бөлігін бояу жұмыстары жүргізілуде.

Сурет: City Transportation Systems
"Осыған байланысты жүргізушілерден жұмыс жүргізіліп жатқан учаскелердің маңына көліктерін қоймауды сұраймыз. Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол қозғалысы бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз". "CTS" ЖШС-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін 18 мамырда Алматыда бірнеше көше жабылатыны ескертілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript