Астанада LRT құрылысына байланысты ірі даңғылдардың бірі үш күнге жабылады

Астана, LRT құрылысы, Қабанбай даңғылы, жол жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 16:29 Сурет: Zakon.kz
"City Transportation Systems" ЖШС (CTS) Астана тұрғындары мен қонақтарына 2024 жылы 31 тамызда Қабанбай батыр даңғылының жабылатынын ескертті. Оған себеп - LRT құрылысы, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 00:00-ден 5 қыркүйек күні сағат 00:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы бойымен – "Астана жұлдызы" айналма жолынан Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

"Тұрғын үй кешендері мен жолдың жабылған бөлігіне іргелес аумақтардың тұрғындары үшін арнайы өткел ұйымдастырылады. LRT құрылыс жұмыстарының жоспарына сәйкес, аталған кезеңде металл құрылымдарды бөлшектеу және құрастырмалы темірбетон арқалықтарды орнату жұмыстары жүргізіледі". "City Transportation Systems" ЖШС

Қала тұрғындары мен қонақтарына жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.  

Сурет: Facebook/CityTransportationSystems


Сурет: Facebook/CityTransportationSystems


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: