Астанадағы LRT желісі қай аудандар арқылы өтеді

Астананың бас жоспары, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 22:30 Сурет: Zakon.kz
"City Transportation Systems" ЖШС LRT желісі елорданың қай аудандары арқылы өтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"CTS" ЖШС баспасөз қызметі "Астанабасжоспар" ұсынысы бойынша LRT желісінің екінші-төртінші кезектегі локациялары жарияланғанын хабарлады.

Мысалы, мынандай нұсқалар ұсынылған:

  • екінші кезекте – Қабанбай батыр даңғылынан ескі теміржол вокзалына дейін;

  • үшінші кезекте - "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан ескі вокзалға дейін;

  • төртінші кезекте - Үркер тұрғын үй массиві (Ильинка) және Айтматов көшесі.

"Сөз етілген кезек локациялары ұсыныс ретінде айтылғанын атап өткен жөн. Екінші-төртінші кезектегі желілер құрылысы жүзеге асырылады дегенге әлі ерте". Елордалық көлік компаниясының баспасөз қызметі

Астананың бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылы 15-18 қараша аралығында "Астанабасжоспар" ҒЗЖИ" ЖШС ғимаратында өтеді.

19 қазанда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Астанада LRT құрылысына қосымша 20 млрд теңге бөлінетінін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: