Жаңалықтар тізбегі
0

Қатты жер сілкінсе Алматының қай жері қақ айырылуы мүмкін

emsc, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48 emsc
Ұсынылған инженерлік геологиялық сызбаға мұқият зер салсаңыз, тектоникалық жарылыс сызықтары қай көшелер арқылы өтетінін көре аласыз.

"Алматы қаласының аумағын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған бас жоспарына түзетулер" жобасын әзірлеушілердің бірі, "Алматыгипрогор-1" ЖШС директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев қаланың Бас жоспары үшін 2016 жылы жасалған, бірақ мақұлданбай қалған инженерлік геологиялық сызбасын көрсетті. Онда Алматы аумағында орналасқан тектоникалық сызықтар белгіленген, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматының сейсмикалық ықшамаудандар картасы бұрыннан бері жасалып келеді, бірақ жаңадан қосылған аумақтар ескерілген жаңа Бас жоспар әзірге тек жоба мәртебесінде тұр екен. Қазір түзетулерді жалғастырып, Бас жоспарды соңғы бекітілген құжаттарға сәйкестендіру туралы шешім қабылданды – бұл Стратегия-2050, қаланың бас жоспары, бәрін біріктіру керек. Осы құжаттардың ішіндегі Бас жоспар – бұл құқықтық мәртебесі бар нормативтік құжат, - деді Алтай Сатыбалдиев.

2016 жылы жасалған инженерлік геологиялық сызбаға мұқият зер салсаңыз, тектоникалық жарылыс сызықтары қай көшелер арқылы өтетінін көре аласыз.

– Егер қарасаңыз, Алматыда құрылысқа қолайлы аумақтар бар, 9 баллдық аймақ бар, солтүстік бөлігінде тіпті 10 баллдық аймақтар бар. Сонымен қатар, геологиялық жағдайы қолайсыз, топырағы биік тұрған жерлер бар. Қаланың дамуымен асфальт төселген аумақтар ұлғаюда, содан судың бәрі қаланың төменгі бөлігіне ағылып, жерасты суының биіктігі көтерілуде, - деп түсіндірді Сатыбалдиев.

Ол сонымен қатар тектоникалық сызықтарды да көрсетті (берілген сызбада қызылмен белгіленген).

- Қаланың бүкіл аумағы осындай тектоникалық сызықтарға толы. Міне, Алматының оңтүстігінде (тауда) Тянь-Шань жарылысы өтеді, бұл сейсмикалық генерация ошағы, ірі жер сілкіністерінің ошағы, - деді ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 15:48

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: