Министр соңғы қоңыраудың неліктен 9-сынып оқушылары үшін өткізілмейтінін түсіндірді

Фото: Zakon.kz
Білім министрі Ғани Бейсембаев 2025 жылдың 20 мамырында өткен үкімет брифингінде тоғызыншы сыныпты бітірген оқушылар үшін соңғы қоңырауды өткізудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, соңғы қоңырауды ерекше күтіп отырған 11-сынып оқушылары.

"Мектеп бітірушілер, 4-сыныптар, мектеп жасына дейінгі балалар... сыныптың жартысы немесе тоғызыншы сынып оқушыларының 30 пайызы бітіріп, қалғандары қалса, мұндай шаралардың не керегі бар? Сондықтан бұл дұрыс әрі қисынды емес деп ойлаймын. 11-сынып бітірушілер толығымен кетеді. Сол себепті оларды қолдау керек", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін Қазақстанның білім министрі ел мектептерінде аттестаттардың қашан тапсырылатынын айтқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған