Министр ауылдан шыққан чемпиондар мен бапкерлерді марапаттады

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры
Астанада Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанатында ауыл спортына серпін берген Auyl Sport жобасының спортшылары мен жаттықтырушыларына ерекше құрмет көрсетілді. Жасөспірімдер мен бапкерлерге Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапатты Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстады. 

Салтанатты сәтте балалардың қуанышы ерекше сезілді. GYMNASIADE U15 сайысының жеңімпазы Нұртас Әлімбай толқынысын жасырмады.

"Auyl sport жобасы арқылы бұрын тек арман болып көрінген дүниелер шындыққа айналды. Министрдің қолынан марапат алу – мен үшін қол жетпейтін биік секілді еді. Бүгін сол арманым орындалды. Бұл – тек менің ғана емес, мен секілді мыңдаған ауыл баласының үмітіне жол ашқан жоба", - деді жас спортшы.

2024 жылы іске қосылған жоба қысқа уақытта еліміздің барлық өңірлерінде кең қолдау тапты. Бүгінде 10 мыңнан астам бала жүйелі түрде спортпен айналысып жүр.

Жобаның айқын жетістігі – Сербиядағы халықаралық Гимназиада. Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен 22 спортшының 12-сі – дәл осы бастама аясында тәрбиеленген жастар.

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

"Министрлік тарапынан берілген бұл марапат – Auyl sport жобасының жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі, жобаға деген сенім мен алғыстың белгісі ғана емес, ауылдағы жас дарындардың биікке ұмтылуына берілген үлкен серпін. Бұл құрмет – болашақ жеңістердің бастамасы, Қазақстанның атын әлемдік ареналарда асқақтататын жаңа есімдердің жарқын негізі болмақ". Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов

Auyl sport жобасының алғашқы кезеңінде 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала қатысты. Halyk қоры ауыл спортына 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды