Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, 1992 жылдың 22 мамырында биологиялық әралуандық туралы халықаралық конвенция қабылданған, соның құрметіне осы күн жылда атап өтіледі.
"Қазақстанның бай биоәралуандығын еске салатын жаңа түсірген фото және видео ұсынамыз. Авторы — "Алты-Сай" экопаркінің аға қорықшысы Қуанышбаев Нұрыш",- делінган ақпаратта.
Кадрлардан кездестіруге болатын тіршілік иелері:
- Доңыздар,
- Дала күйкентайы,
- Теңіз шүрiлдегi,
- Күжiркей,
- Италақаз,
- Дала қыраны,
- Қарамойын сұқсыр,
- Қызғылт қоқиқаз,
- Бөрте балшықшы.
Бұған дейін Тянь-Шань қоңыр аюының "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағына түсіп қалғандығы хабарланған болатын.