Қауіпті жабайы аң ұлттық табиғи парктің фототұзағына түсіп қалды

Тянь-Шань қоңыр аюы "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағына түсіп қалды. Бұл ақпаратпен 2025 жылы 21 мамырда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлардың саны жыл сайын артып келеді.
Тянь-Шань қоңыр аюы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Алайда, бұл жануар түрі жыртқыш жануарлар санатына жататындығын ескерген жөн.
"Сол себепті, ұлттық парк қызметкерлері келушілерге аюлармен кездескен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау және жануарларды алаңдататын кез келген әрекеттен аулақ болу маңызды екенін ескертеді", делінген комитет ескертуінде.
Бұған дейін "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған бейнетұзақтардың біріне ҚР Қызыл кітабына енгізілген қар барысы түскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript