Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 14:32 Сурет: Instagram/qazaqormany
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қуанышты жаңалықпен бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлісті.

"Асқақ таулар, қалың ормандар мен жабайы табиғаттың жетуі қиын мекендері… Көлсай тағы да ерекше кадрларымен қуантты. Аумақты зерттеу барысында "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) таспаға түсіріп алды", – делінген комитет хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, бұл – Көлсай өңірін мекендейтін сирек кездесетін жануарлардың бірі.

"Оның табиғи мекен ету ортасында тіркелуі биоалуантүрлілікті бақылау үшін маңызды. Біз үшін бұл – ерекше кездесу. Ал аю үшін туған тауларындағы қалыпты тіршілік", – деп толықтырды комитет өкілдері.

2026 жылғы 13 қазанда Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында құстарды сақиналау жұмыстары қайта жанданғаны белгілі болды. Сол кезде мамандар 13 жылдан кейін ерекше кездесудің куәсі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: