"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті

"Сайрам-Өгем" ұлттық паркінде фототұзаққа сирек кездесетін жануарлар ілікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 19:40 Сурет: видео скрині
"Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлар Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көмектеседі.

"Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Сайрам-Өгем" МҰТП аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: