Алматы облысындағы ұлттық парк қызметкерлері сирек кездесетін жыртқышпен бетпе-бет келді

Сілеусін, жыртқыш, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 15:32 Сурет: Instagram/ile_alatau_nationalpark
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш – Түркістан сілеусіні көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнетаспасын 6 қазанда ұлттық парк өзінің желідегі парақшасына жүктейді.

"Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бұл жануар бейнежазбаға түсірілді.Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5–10 метр қашықтықтан кездесті",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін, 3 қазанда Қазақстанның тағы бір қаласына қар жауғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: