Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында сирек кездесетін ең ірі жыртқыш құс видеоға түсірілді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 19:05 Сурет: Instagam/Altyn-Emel National Park
"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ең ірі жыртқыш құс - Құмайды видеоға түсіріп алу мүмкін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ағымдағы жылдың 5-і қаңтар күні Іле орманшылығының телім бастығы Базарбеков Дидар Қыйбадатұлы кезекшілік барысында Үлкен Қалқан тауынан ең ірі жыртқыш құс құмайды кездестірген.

Бұл құс әдетте бірден немесе жұбымен кездеседі. Ерекшелігі отырықшы құс. Жұбы көп жылдар бойы сақталады. Ақпан-наурыз айларында 1-2 жасылдау-ақ түсті қоңыр дақты жұмыртқа салады. Шайқау шамамен 50 күнге созылады, балапандары ұяда шілденің басына дейін қалады.

Құмай - Қазақстанның Қызыл кітабына сирек кездесетін аз зерттелген түр ретінде тіркелген. Қазақстан фаунасындағы ең ірі жыртқыш құс. Қанатының құлашы 3 метрге және салмағы 10 келіге дейін барады. Басы, мойны ақ мамықпен жабылған. Мойнында қоңыр түсті үшкір қауырсындардан тұратын жағасы болады. Денесінің үсті ашық-сұр, асты мен қанат асты ақ келеді, үлкен жабушы қанат және бағыт қауырсындары қара-қоңыр. Ұшқанда ақбас құмайдан ерекшелігі бір-бірінен ашық ажыратылатын ақ және мүлдем қара түстері арқылы анықталады.

Құмай биік тауларда қылқан жапырақты орманда аймағынан жоғары, тік жарлы жартасты массивтерде ұялайды. Алматы облысындағы белгілі бірден-бір құмайдың шоғыры Шарын өзенінің жоғарғы ағынында орналасқан. 1989 жылы құмайдың ұясын Іле-Алатауында 3 мың метр биіктікте табылған. Құмай сұқартәрізділер отрядына, қырғитектестер тұқымдасына жатады. Бұл құс Қазақстанның барлық өңірінде аз кездеседі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: