Жетісу облысында сирек кездесетін жыртқыш аң баласымен бірге фототұзаққа түсті

Сілеусін, Жетісу облысы, Алтын емел, фототұзақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 15:52 Сурет: pexels
"Алтын Емел" ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жыртқыш аң баласымен бірге фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары барысында фототұзаққа ерекше әрі сирек кездесетін жыртқыш — Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) баласымен бірге түсіп қалды.

"Бұл — еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана тіршілік ететін, жойылып кету қаупі бар жыртқыш түрлердің бірі. Түркістан сілеусіні экожүйенің маңызды бөлігі саналады және табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше рөл атқарады. Фототұзақ арқылы алынған бейне парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталып келе жатқанын және жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелі екенін дәлелдейді. Мұндай сәттер табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оны қорғаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады", делінген мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми парақшасындағы хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: