Қазақстанның шығысындағы қорықтың сирек "тұрғыны" видеоға түсіп қалды

сабаншы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 18:35 Сурет: Instagram/qazfwc
Абай ауданындағы "Тарбағатай" ұлттық саябағында cабаншы камераға түсіп қалды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram-дағы парақшасында сирек кездесетін жыртқыштың видеосын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң.

Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды. Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған, - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Қыркүйектің 20-сы күні «Алтын-Емел» саябағындағы суағардағы камераның «Қызыл кітапқа» енген жануарларды суретке түсіргені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: