Түркістан сілеусіні Алматы қорығының камерасына түсіп қалды
Сурет: видеодан скриншот
Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Instagram желісіндегі парақшасында Алматы қорығында Түркістан сілеусінінің түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарапшылар жыртқыштың тек Орталық Азияда кездесетінін айтты.
Айта кетейік, қорықта 16-ға жуық түркістандық сілеусін мекендейді.
Жануар алты айда (2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың мамырына дейін) 11 рет камера қақпанына түскен.
Түркістан сілеусіні Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Олар қорық аумағында теңіз деңгейінен 1200 – 2800 метр биікте, аралас және қылқан жапырақты орманда мекендейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript