Алматы облысының тауларында маралдар видеоға түсіп қалды
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысындағы "Жоңғар-Алатау" ұлттық саябағында орналасқан камераға екі марал түсіп қалған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті маралдар түскен видеоны бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрда екі ірі жануардың ойнап жүргенін көруге болады.
Комитеттің мәліметінше, жануардың салмағы 300 келіден асуы мүмкін.
Сонымен қатар ересек маралдардың мүйізі 120 сантиметрге дейін жетеді. Ал оның салмағы 12 келіге дейін болады.
2021 жылы Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында 1700 бас марал болды, 2022 жылғы жануар санағы қазан айында өтеді.ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі
Қыркүйек айының басында Маңғыстаудағы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы камераға Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген дала сілеусіні түсіп қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript