Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Алматы облысының территориясында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша, жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы қайтадан түсіп қалды.
"Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қар барысының ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді". "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қорықтағылар жабайы жануарларды бақылау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отыратынын нақтылайды.
Бұған дейін Қатонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript