Қатонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейне 2025 жылдың 2 мамырында парктің Instagram парақшасында жарияланды.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
Мамандар бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел екендігін қуана хабарлады.
Бұған дейін Алматыдағы ботаникалық бақтың тағы да уақытша жабылатындығы жайлы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript