Алматыдағы ботаникалық бақ тағы да уақытша жабылады

Алматының Бас Ботаникалық бағы 2025 жылғы 5 мамырда бір күнге жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақ әкімшілігінің ақпаратынша, бұл күні аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Ал, басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады.
"Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30".
Бұл ретте, санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін екені айтылды.
Бұған дейін Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгергендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript