Шығыс Қазақстанда бұзақы-қар барысы фототұзаққа ілікті

Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа қар барысының ерекше сәті түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрлардан барыстың камераға қызығушылық танытқанын көруге болады. Ол оның жанынан жәй ғана өте салмай, түсірілімге өз "түзетулерін" енгізбек болғандай.
"Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді! Бір сәтте ол сақтықпен жақындап, аяғымен түртіп қалады. Мүмкін, ракурс ұнамаған болар? Әлде суретке "дұрыс" түсу үшін кадрды өзі реттемек болды ма?",- деп жазды бейненің астына Қатонқарағай ұлттық паркінің мамандары.
Қалай десек те, техника шыдады, ал бізге табиғаттың осы ғажайып жыртқышының сирек кездесетін, ерекше кадрлары жетті.
Еске салсақ, бұған дейін Көлсай көлдерінде аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript