Шығыс Қазақстанда қар барысы таудан «сәлем жолдады»

қар барысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 16:24 Сурет: Instagram.com/katonkaragai.semi
Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің аумағында қар барысы камера объективіне түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото қорықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

14 ақпанда қар барысы тағы келіп, барлығына сәлемі мен құттықтауын жолдады, - деп жазылған Instagram-дағы парақшада.

16 ақпанда Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығында түсірілген кадрлар туралы хабарлаған едік. Сол кезде біз сирек көретін жабайы жануарлар кадрға кірді. Атап айтқанда: сілеусін, бұлғын және қоян.

Ал наурыз айында тұрғындар Шымбұлақ шатқалындағы барысты видеоға түсіріп алды. Одан кейін Экология министрлігі бейнежазбаның сирек кездесетін оқиға және сәтті түсірілім екенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: