Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық қар барысы күні: Қазақстанда 130-ға жуықтайы бар

Экология министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 16:06 Экология министрлігі
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі. Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлайды.

Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары.

БҰҰ Даму Бағдарламасы аясында "Қар барысын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары" әзірленді. Жоспардың мақсаты қар барысының популяциясын ғылыми зерттеу болып табылады.

Фототұзақ арқылы "Алтын-Емел" МҰТП аумағында қар барысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы тіркелген.

Қар барысы 2700-5000 м биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 метрге жететіндері де кездеседі.

Қар барысы Қазақстаннан бөлек Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі. Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны 4-6 мың аралығында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: