"Қызыл кітапқа" енген қар барысы фототұзаққа ілікті
Сурет: видеодан скриншот
Алматы облысында қар барыстары фототұзаққа ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыртқыштар "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Қар барысы сирек кездесетін жануар ретінде 1978 жылы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
"Қызыл кітапқа" енген жануарларды заңсыз аулаған жағдайда азаматтың мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп ескертті Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Кейінгі мәліметке сәйкес, елімізде шамамен 140-180 қар барысы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript