Астанада көршісінің үйінен телефон қолды қылған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Елордада Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық дерегін әшкерелеп, күдіктіні қолға түсірді.

Оқиға Сарыарқа ауданында болды. Тергеу барысында анықталғандай, 42 жастағы азамат, жәбірленушінің көршісі — пәтер есігінің құлпы жабылмағанын байқап, үй иесі ұйықтап жатқан сәтті пайдаланды. Ол ішке кіріп, ІPhone 15 телефонды ұрлап шыққан.

Жәбірленуші ұрлық болғанын байқап, полицияға хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қысқа мерзім ішінде ұстады.

Күдікті ұрлықты мойындап, ұрланған телефонды қайтарды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті тұрғындарды пәтерлерінің қауіпсіздігін қадағалауға және есіктерді міндетті түрде құлыптап жүруге шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз