Астанада Нұржол бульвары жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 7-11 маусым аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады.

"Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", делінген хабарламада.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астанада Бурабай көшесінің бір бөлігі екі аптаға жабылатынын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады