Астанада Бурабай көшесінің бір бөлігі екі аптаға жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Бурабай көшесі, жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 17:09 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласында Бурабай көшесінің бойында Хантау көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты 3-18 маусым аралығында аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", делінген хабарламада.

Сызба, Астана, жол жөндеу, Бурабай көшесі, 3-18 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 17:09

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

2025 жылғы 27 мамырда Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинеті Қазақстанда жылу көздерін жаңғыртуға бөлінген қаражаттың жұмсалу тиімділігін қадағалайтынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: