Ертең Астанада Жансүгіров көшесіндегі жол учаскесі бір тәулікке уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстары, Астана, Жансүгіров көшесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 17:56 Сурет: Zakon.kz
Астанада Ілияс Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, осыған байланысты ертең аталған жол учаскесі жабылады.

"8 қыркүйекте сағат 9:00-ден 9 қыркүйекте сағат 06:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады", делінген хабарламада.

Сызба, Астана, жол жөндеу, Жансүгіров көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 17:56

Сурет: gov.kz

Сызба, Астана, жол жөндеу, Жансүгіров көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 17:56

Сурет: gov.kz

Сызба, Астана, жол жөндеу, Жансүгіров көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2024 17:56

Сурет: gov.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: