Елімізде 5408 дәрілік затқа шекті баға бекітіледі

Фото: Zakon.kz
Дәріхана иелері 4700 теңгеге алған дәріні 18 мың теңгеден сатқан. Бұл заңсыздықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі анықтады. Сондықтан ДСМ дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізбек.

Ұсынысқа сәйкес, дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандауы мүмкін.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы – препараттарға фармакологиялық бақылау жүргізетін Қазақстандағы жалғыз уәкілетті ұйым. Бірақ былтыр тексеріс кезінде осы орталық пен "СҚ-Фармация" бірыңғай дестрибьюторы жұмысында заңсыздықтары бары анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Бір ғана дәріні алатын болсақ, мысалы, Украинада шығарылатын дәрі. Қазақстанға келгенге дейін оның құны 600 пайызға дейін өсіп кеткен. 4700 теңгеге Украинадан сатылып алынады, Қазақстанның дәріханаларының сөрелеріне қойылғанда оның бағасы 18 мың теңге болып кеткен. Біз осындай 1200-ден астам дәріні анықтадық. Нұрбол Әбдірахманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басқарма басшысының орынбасары

Демек, дәріхана иелері әр қораптан 13 мың теңге пайда көріп отырған. Кәсіпкерлік кодекске үңілсек, маркетингтік шығындар кәсіпкердің өзіне жүктелуі тиіс. Бүгінде елімізде ресми тіркеліп, қолданыста жүрген 6600 дәрі-дәрмек бар. Олардың 5408-іне шекті баға бекіту жоспарланып отыр. Яғни, денсаулық сақтау министрлігі рецептпен ғана сатылатын дәрілердің құнын шектеп, ал рецепсіз босатылатын препараттарды еркін айналымға жібермек.

"Қазақстанда 952 дәрілік затқа шекті баға қойылмайды. Оны нарыққа жіберді. Бізде, мысалы, аумақтық департаменттер ай сайын мониторинг жүргізіп отырады. Мониторингтің нәтижесі бойынша 595 дәрілік заттың бағасы төмен немесе өзгермеген. Ал 70-ке жуық дәрілік заттың 10-12%-ке өскені туралы анықтама бар." Әсия Молдыманова, ҚР ДСМ Фармацевтикалық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы

Осылайша жауапты ведомство дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігін енгізіп жатыр. Яғни, транспорттық және маркетингтік қосымша шығындарды алып тастап, медициналық препарат бағасын 30%-ға дейін төмендетуге болады дейді. Десе де кәсіпкерлер бұл ұсыныспен мүлдем келіспейді.

"Біз сияқты кішкентай 1 немесе 2 дәріханасы барлардың бәрі жабылып қалу қаупі бар. Оның үстіне маркетингсіз бұлар нарықта өмір сүре алмайды. Біздің дәрілеріміз Швецариядан келді, мысалға, Алматыда үлкен хаб бар. Сол хабтан Қостанайға, Атырауға, басқа да қалаларға жеткізіледі. Қайдан алады сол шығынды? Мемлекет өтей ма, әлде кім?" Талғат Омаров, дәріханалар желісінің иесі

Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарынша, ай соңында дәрі-дәрмек бағасы төмендеуі тиіс. Бірақ әлі кәсіпкерлермен кездесулер, талқылаулар жүргізілмеген.

Қазақстан
Астана
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды