Қатерлі ісіктің жасырын симптомы белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Ресейлік дәрігер-диетолог және нутрициолог Евгений Арзамасцев іштің кебуі кейде қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маман 2025 жылғы 4 маусымда "Москва 24" арнасына берген сұхбатында іштің кебуі асқазан-ішек жолдары ауруларында пайда болатын симптом екенін айтты.

"Мысалы, бұл ішек микрофлорасы бұзылған дисбактериоздың белгісі болуы мүмкін. Сондай-ақ іштің кебуі гастрит, колит және басқа қабыну ауруларында байқалады. Мұндай жағдайларда ас қорыту бұзылады және басқа да белгілер байқалады. Тіпті, іштің кебуі ішек ісігінің белгісі де бола алады. Онкологиялық аурулар кезінде көбіне ішектің перистальтикасы бұзылып, саңылауы тарылады, бұл іштің кебуіне әкеледі", – деп түсіндірді Евгений Арзамасцев.

Дәрігердің айтуынша, іштің кебуі байқалған жағдайда қосымша белгілерге назар аудару керек.

Мысалы, ауырсыну, түйіліп ауыру және нәжістің өзгеруі. Мұндай белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет, – деп түйіндеді Арзамасцев.

Ескерту: Жаңалық сипатындағы материалдар дәрігердің тағайындауына тең келмейді. Шешім қабылдамас бұрын маманнан кеңес алыңыз.

Бұған дейін Қазақстанға қай мемлекеттерден көп қоныс аударатындығын жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты