Жаслан Мәдиев: Қазақстан ЖИ саласында маман дайындауға кірісті

Фото: freepik
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің пайымдауынша, ЖИ технологиялары еңбек нарығына әсер етіп, қазіргі уақытта ауқымды шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жаслан Мәдиев BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында айтып берді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше жасанды интеллектың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан алдағы 5 жылда 1 млн маман даярлауды жоспарлап отыр.

"Жоспар бойынша 500 мың оқушы, 300 мың студент, 100 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың корпоративтік стартап өкілдер, 30 мың өзге санаттағы қызметкерлер қамтылуы керек." Жаслан Мәдиев

Сонымен қатар, министрдің пайымдауынша, әрбір топқа арнайы дайындалған оқу бағдарламасы бар.

"Жалпы барлық шаралар жасанды интеллект және инновацияларды дамыту коммитетімен іске асырылады." Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиевтің сөзінше, бастама шеңберінде бірнеше білім беру жобалары іске қосылған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды