Бұл туралы министр Жаслан Мәдиев BAQ.KZ-тің Youtube каналына берген сұхбатында хабарлады.
Министрдің сөзінше Қазақстанда жасанды интеллектіні сәнді тренд емес, стратегиялық құрал ретінде қарастырамыз.
"Біздің мақсат адамды алмастыру емес. Оның мүмкіндіктерін интеллектуалды шешімдер арқылы күшейту болып табылады." Жаслан Мәдиев
Бұл ретте министр жасанды интеллекттың дамуы еңбек нарығына да тікелей әсер етеді.
"Ол күнделікті қайталанатын жүмыстарға әсер етеді. Мысалы болашақта кейбір мамандықтар,азаюы мүмкін. Олардың ішінде колл-орталықтардың операторлары." Жаслан Мәдиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Министрліктің деректері бойынша, жаңа технологиялар адам еңбегін толығымен алмастырмай, оны толықтырады.
"Жасанды интеллекттің бұл міндеттірді тез, әрі арзан және қателіксіз орындай алуымен байланыстырылып отыр. Яғни жасанды интеллект қауіпсіз әрі интеллектуалды еңбекке роботтандырылған кешендер еңгізіліп жатыр. Олар адамның қауіпсіз өндірістерге қатысуын азайтады. Сол сияқты тау-кен өндірісі, құрылыс немесе металлургия саласын атап өтуге болады." Жаслан Мәдиев
Бұған дейін, Жаслан Мәдиев Қазақстан ЖИ саласында маман дайындауға кіріскендігі туралы айтқан. Министрдің пайымдауынша, ЖИ технологиялары еңбек нарығына әсер етіп, қазіргі уақытта ауқымды шаралар қолға алынды,