Алматы әуежайындағы кепілге алу ісі бойынша тоқтап қалған сот: қосымша тергеу не шешті

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 маусымда Алматы әуежайындағы кепілге алу ісіне қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотта адвокат Дүйсеков айыпталушы Баратовқа тағылған қылмыстық құқықбұзушылықтың саралануымен келіспейтінін мәлімдеген. Осыған байланысты қылмыстық іс прокурорға қайта жолданған.

"Қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Машрапбек Баратовтың әрекетіне берілген құқықтық баға өзгеріссіз қалды", - деді көлік полициясы департаменті.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында әуежай қызметкерін құтқарып қалған Мұса Әбдірайымов жәбірленуші деп танылды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс қайтадан сотқа жолданды.

2025 жылғы 7 наурызда Алматы әуежайында ер адам қолына пышақ алып, бойжеткенді кепілге алған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан азамат — Мұса Әбдірайымов құтқарып қалған.

67 жастағы күдіктіге қатысты сот 7 сәуірде басталған. Оған үш бірдей бап бойынша айып тағылды:

Сот процесінің басында прокурор Бертаев сотқа дейінгі тергеу мерзімінен бұрын аяқталғанын, өйткені айыпталушы тергеу барысында дәлелдерге қарсы болмағанын айтып, істің қысқартылған тәртіпте қаралатынын мәлімдеген. Алайда кейін сотта жауап берген Машрапбек Баратовтың өзі кепілге алу немесе террористік әрекет жасау ниеті болмағанын айтқан. Соның нәтижесінде сот істі прокурорға кері қайтарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды