Елордада тыныштықты бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бастап түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 20 мыңнан аса дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада сақшылар жылдың басынан бастап түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 20 721 дерегін анықтады.

Бұл көрсеткіш азаматтардың тыныштығын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Шу көтеру, музыка құрылғыларын қатты қосу, түнгі уақытта көп адаммен көңіл көтеру секілді әрекеттер көп жағдайда кешкі және түнгі сағаттарда болған.

Мәселен, кейбір адамдар аулаларда музыка тыңдайды, отбасылық, достық басқосуларын түнгі уақытта жалғастырады, алкогольдік ішімдіктерді қоғамдық орында ішіп, тыныштықты бұзады.

Дәл осындай құқық бұзушылықтан тәулігіне 200-ден аса қоңырау келіп түсті. Тең жартысы балалар мен жасөспірімдердің есік алдында түнгі уақытта жүруі.

Барлық тіркелген фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша жауапқа тартылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді