Оқиғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Зардап шеккен адамға ота жасалып, қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Оқиға жан-жақты әрі объективті тергеліп, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 27 мамырда қала тұрғынын жедел жәрдем фельдшеріне орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені үшін кінәлі деп таныған еді.