Камалиденова шахматтан 2025 жылғы әлем кубогында сенсация жасады

Сурет: instagram/fide_chess
11 шілде күні шахматтан Әлем Кубогының екінші кезеңіндегі барлық матч аяқталды. Осы ойындардың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова аталмыш жарыстың қазіргі чемпионы — ресейлік Александра Горячкинаны жеңіп шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

FIDE баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кездесу екінші кезеңнің тай-брейкіндегі басты сенсация болды — Камалиденова гроссмейстер Горячкинаны айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, екі жыл бұрын Горячкина Бакуде әйелдер арасындағы Әлем Кубогын жеңіп алған еді.

Ресейлік шахматшы классикалық турнирдің екінші партиясында есепті теңестіре алғанымен, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова тай-брейкте толық үстемдік орнатып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Екі жедел партияның алғашқысы кезінде Горячкина қарапайым фигуралы эндшпильде бір пешкасын жіберіп қойды, ал Камалиденова эншпиль техникасын шебер көрсетіп, партияны жеңіспен аяқтады.

Екінші партияда Горячкина қателік жіберіп, мүлде ұтылатын жағдайға тап болды. Тек мәңгілік шахтың арқасында тең есепке қол жеткізгенімен, бұл нәтиже оның турнирден шығып қалуына жол бермеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды