Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-36, облыстың оңтүстігінде 39 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қ.: 16 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 16 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 34-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 16 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, найзағай күтіледі. Онтүстік-шығыстан соғатын жел онтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 16 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 16 шілдеде күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 16 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.