Елордада кальянға қатысты бес мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Фото: unsplash
Астана қаласының полиция департаменті кальян шегуге байланысты заңнаманың орындалуына ерекше көңіл бөлуде.

2025 жылдың басынан бері елорда аумағында осы бағытта 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелген.

Тексеру барысында кальян шегуге тыйым салынған қоғамдық орындарда – мейрамханалар, дәмханалар, түнгі клубтар мен жабық кеңістіктегі басқа да демалыс нысандарында бұл талаптардың жиі еленбей жатқаны анықталған.

Полиция қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының бірлескен рейдтері кезінде көптеген мекемелерде кальян шегуге арнайы жағдай жасалғаны белгілі болды. Мұндай бұзушылықтар үшін кәсіп иелеріне айыппұл салынып, тиісті шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға кальян ұсыну деректері де кездесіп отыр. Бұл жағдайларда ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.

Қазіргі таңда полиция департаменті қала аумағында кальян өнімдерін заңсыз тұтынудың алдын алуға бағытталған республикалық және жергілікті деңгейдегі арнайы іс-шаралар мен рейдтерді тұрақты түрде жүргізуде.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, мотивациялық бейнероликтер мен брошюралар арқылы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Астана қаласы полиция департаменті қала тұрғындарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Кальян шегу – денсаулыққа елеулі зиян келтіретін әдет қана емес, сонымен бірге қоғамдық орындардағы тыныштық пен тазалыққа да кері әсерін тигізетін теріс әрекет екенін еске салады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін