Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жыр кеші өтті

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай елордадағы Жастар театрында "Өлең сөздің патшасы" атты жыр кеші өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кештің мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, қазақ өлеңінің құдіретін насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру.

"Абайдың 180 жылдығына орай 8-10 тамыз аралығында Абай жерінде үлкен той өтеді. Соған қазір республиканың түкпір-түкпірінде ақынның 180 жылдығы аталып жатыр. Осы ретте біз, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бірлесіп, осы кешті ұйымдастырдық.

Кешке белгілі ақындар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, ақын Оңайгүл Тұржан, сондай-ақ жас ақындар қатысты. Мұнда олар Абайға арналған және еркін тақырыпта өлеңдер оқиды. Сондай-ақ кеште ақынның әндері шырқалды", – деді Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кеште 20 мен 70 жас аралығындағы көпке танымал елордалық қаламгерлер өз өлеңдерін қала тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдеріне, яғни көрерменге тарту етеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды